Меруерт Түсіпбаева әріптесінің мақтаншақтыққа толы бұл қылығы үшін өзі ұялып отырғанын жазған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Мен 20 жастағы ұлыма қымбат көлік сыйлаған кезімде ол екі ай бойы ұялып, көлікті бірге оқитын достары көрмесін деп университеттің ауласына кірмей, көлігін тығып жүріпті. Көлікті бір көше аулақ қойып, мама, әлеуметтік желіге салмашы дегенде мен қатты қуандым! Шүкір дедім! Халқым аурушаң балапандарын емдей алмай, қол жайып отырғанда, Мадинаның мына тірлігі ұят. Асыра сілтеу…мақтану. Әріптесім үшін мен ұялып отырмын. Сөзім жоқ», — деп жазған өнер иесі.