"Мынау кемпір ме, әлде қыз ба?": Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 503.15
  • 543.3
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
2 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мынау кемпір ме, әлде қыз ба?": Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынға алды

"Мынау кемпір ме, әлде қыз ба?": Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынға алды

Танымал дәстүрлі әнші, жыршы Айгүл Елшібаева әлеуметтік желідегі парақшасында хиджаб пен ұлттық киімге қатысты пікір білдірді

  • 30 Наурыз
  • 18
instagram.com/aigulelshibayeva01

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

«Хиджабтың үстінен тақия киіп, тақиямызды қор қылмаңдар. Қазақта қыз – тақия, әйел – орамал, кемпір – кимешек киген. Сендердің хиджабтарыңның үстінен тақия кигенді көрген ана ғасырдың адамы «мынау кемпір ме, әлде қыз ба?» деп таң қалар. Я – кемпір бол, я – қыз бол», — деді ол.

Оның сөзінше, осылай киінетіндер қазақтың қыздарының киімін қор қылып жүр. 

«Бұл әрекеттер салт-дәстүрді білетін қазаққа ерсі болып көрінеді», – деп жазды әнші.