"Мынау киносымақты көргенде "масқара" дегеннен өзге сөз түспеді": Қазақша түсірілген кинодағы сұмдықтар айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мынау киносымақты көргенде "масқара" дегеннен өзге сөз түспеді": Қазақша түсірілген кинодағы сұмдықтар айтылды

"Мынау киносымақты көргенде "масқара" дегеннен өзге сөз түспеді": Қазақша түсірілген кинодағы сұмдықтар айтылды

Әлеуметтік желіде тарап жатқан қазақша түсірілген бейәдеп фильмдерге қатысты қатаң сын айтылды. 

  • 29 Қыркүйек 2020
  • 1044
Фото - Caravan.kz

 Ерлан Жұрынбаев есімді оқырман "Қайрат болма, адам бол" атты кино деп айтуға келмейтін туынды туралы сөз қозғапты.

Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Сaravan.kz порталы

"Қор болдық, қу құлқынның қамы үшін…

Қазақ ықылым заманнан бері ұл-қызын «ұят болады» деген бір ауыз сөзбен тәрбиелеп еді.

Ал мынау киносымақты көргенде "масқара" дегеннен өзге аузыма сөз түспеді. Бұл қазақтың «атың шықпаса жер өрте» дегенінің нақ өзі.

Қоғамдық тәртіпті, қоршаған ортаны көзге ілмей ұятты әрекеттер көрсетіп, дарқылдап күліп, бейәдеп сөздерді айтудан да еш қымсынбаған осындай санасыздарға қатаң жаза қолданылмаса оларды тиятын басқа амал жоқ. Бірақ біздің заңдарымыз мұндайларға қатаң жаза қарастырмағаны өкінішті.

Бұлардың қу құлқынын ақша тесуде.Қандай ақша? Былапыт сөздермен немесе өз-өзін жалаңаштап, ұлттық құндылықтарды (ұлттық аспап, ұлттық киім, салт-дәстүр) қорлау арқылы «қара пиарды» ушықтырып қоғам назарын өзіне аудартады. Сөйтіп өз сөздерімен айтқанда «хайпануть» етіп, әлеуметтік желіде өзіне миллиондаған көрермен жинайды.

Ютуб арнасында әр көрілім жоғары болған сайын есеп-шотына доллармен ақша түсіп отырады. Инстаграм парақшасына да миллиондаған есерсоқты жаздырып алып, жарнамадан ақша тауып отырады.

Негізі бұндай хайптың жүзеге асуына себепкер болған өзіміз де кінәліміз. Себебі ерсі дүние шыға қалса болды, ол видеоны немесе фотоны жарыса желіге салып, бір-бірімізге таратып жатамыз.

Кезінде Тәуке хан тұсындағы «Жеті жарғының» өзінде осындай былапыт сөйлейтін есерсоқтарды "қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек» деп жаза белгілеген екен. Ол кезде интернет,хайп деген дүние жоқ,ауыл елдің есерсоқ, тентегін тезге салудың бір жолы осындай болыпты, деп жазды автор.

Бұған қоса үлкен мәселе көтерген Ерлан мырза енді желідегі осындай әдепсіздікті қалй тоқтату керек деген мәселеге тоқталыпты. Осылайша өзі тарапынан бірнеше нұсқа ұсынып, жол көрсеткен.

"Жалпы желідегі жарыместік бұған дейін де жазылған, бұдан кейін де жазыла берер.Менің ендігі ұсынысым бұларды орнына қою жолдарына қатысты болмақ.

1-ші, Қылмыстық жауапкершілікті қосу керек.

Елімізде де осындай былапыт сөйлегендерге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің № 434-ші «Ұсақ бұзақылық» бабына сәйкес жауапкершілік бар.

Бірақ бұл жерде қоғамға кері әсерін тигізетін зардаптың мөлшері көрсетілмеген.

Егер зардаптың мөлшері үлкен болса әсіресе әлеуметтік желі арқылы қасақана таратқандарға ҚР Қылмыстық кодексінің № 131 Бабына толықтырудар енгізіп, қылмыстық жауапкершілікті қосу керек.

Егер қылмыстық жауапкершілік қарастырылса, онда әлеуметтік желілерде мұндай бассыздық болмас еді. Бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайды.

Себебі, ұлттық қауіпсіздігімізге, болашақ ұрпақ тәрбиесіне өте зиян жағдай.

Бұл заңның қоғамда адамгершілік пен тәрбиелік принциптеріне де қарсы келіп тұр.

2-ші, ұлттық қауіпсіздікті сақтау бағытында бала тәрбиесіне жағымсыз ақпарат көздерінің алдын алу үшін интернеттегі зиян­ды ақпараттардан қорғаудың жүйесін құру қажет.

Бұл әдіс балаларды зиянды ақпараттардан қорғауға мүмкіндік береді.

Өйткені Балалардың 80 пайызында әлеуметтік желілерде өздерінің жеке аккаунты бар.

3-ші, ұлт араздық дауға ұшырамас үшін, халқымыз қадірлейтін мәдени мұраларды (ұлттық музыкалық аспаптар, ұлттық киімдер, ұлттық дәстүрлерге) жариялы түрде мазақтайтын әрекеттерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліке тартуды қосу керек.

Келесіні сіз жалғастырыңыз.

Бүгінгі мәдениетсіз адам, ертеңгі мәдениетсіз елге айналмас үшін тағы не істей аламыз?", деді Ерлан Жұрынбаев.

Көпшілік оқырман өте орынды мәселе көтерілгенін тілге тиек етті. Көпшілігі мұны Мәдениет министрлігі қатаң бақылауға алу керектігін айтуда. 


лан
 

Қор болдық, қу құлқынның қамы үшін… Қазақ ықылым заманнан бері ұл-қызын «ұят болады» деген бір ауыз сөзбен тәрбиелеп еді. Ал мынау киносымақты көргенде "масқара" дегеннен өзге аузыма сөз түспеді. Бұл қазақтың «атың шықпаса жер өрте» дегенінің нақ өзі. Қоғамдық тәртіпті, қоршаған ортаны көзге ілмей ұятты әрекеттер көрсетіп, дарқылдап күліп, бейәдеп сөздерді айтудан да еш қымсынбаған осындай санасыздарға қатаң жаза қолданылмаса оларды тиятын басқа амал жоқ. Бірақ біздің заңдарымыз мұндайларға қатаң жаза қарастырмағаны өкінішті. Бұлардың қу құлқынын ақша тесуде. Қандай ақша? Былапыт сөздермен немесе өз-өзін жалаңаштап, ұлттық құндылықтарды (ұлттық аспап, ұлттық киім, салт-дәстүр) қорлау арқылы «қара пиарды» ушықтырып қоғам назарын өзіне аудартады. Сөйтіп өз сөздерімен айтқанда «хайпануть» етіп, әлеуметтік желіде өзіне миллиондаған көрермен жинайды. Ютуб арнасында әр көрілім жоғары болған сайын есеп-шотына доллармен ақша түсіп отырады. Инстаграм парақшасына да миллиондаған есерсоқты жаздырып алып, жарнамадан ақша тауып отырады. Негізі бұндай хайптың жүзеге асуына себепкер болған өзіміз де кінәліміз. Себебі ерсі дүние шыға қалса болды, ол видеоны немесе фотоны жарыса желіге салып, бір-бірімізге таратып жатамыз. Кезінде Тәуке хан тұсындағы «Жеті жарғының» өзінде осындай былапыт сөйлейтін есерсоқтарды "қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек» деп жаза белгілеген екен. Ол кезде интернет,хайп деген дүние жоқ,ауыл елдің есерсоқ, тентегін тезге салудың бір жолы осындай болыпты. Жалпы желідегі жарыместік бұған дейін де жазылған, бұдан кейін де жазыла берер.Менің ендігі ұсынысым бұларды орнына қою жолдарына қатысты болмақ. 1-ші, Қылмыстық жауапкершілікті қосу керек. Елімізде де осындай былапыт сөйлегендерге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің № 434-ші «Ұсақ бұзақылық» бабына сәйкес жауапкершілік бар. Бірақ бұл жерде қоғамға кері әсерін тигізетін зардаптың мөлшері көрсетілмеген. Егер зардаптың мөлшері үлкен болса әсіресе әлеуметтік желі арқылы қасақана таратқандарға ҚР Қылмыстық кодексінің № 131 Бабына толықтырудар енгізіп, қылмыстық жауапкершілікті қосу керек. Егер қылмыстық жауапкершілік қарастырылса, онда әлеуметтік желілерде мұндай бассыздық болмас еді. Бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайды. Себебі, ұлттық қауіпсіздігімізге, болашақ ұрпақ тәрбиесіне өте зиян жағдай. Бұл заңның қоғамда адамгершілік пен тәрбиелік принциптеріне де қарсы келіп тұр. 2-ші, ұлттық қауіпсіздікті сақтау бағытында бала тәрбиесіне жағымсыз ақпарат көздерінің алдын алу үшін интернеттегі зиян­ды ақпараттардан қорғаудың жүйесін құру қажет. Бұл әдіс балаларды зиянды ақпараттардан қорғауға мүмкіндік береді. Өйткені Балалардың 80 пайызында әлеуметтік желілерде өздерінің жеке аккаунты бар. 3-ші, ұлт араздық дауға ұшырамас үшін, халқымыз қадірлейтін мәдени мұраларды (ұлттық музыкалық аспаптар, ұлттық киімдер, ұлттық дәстүрлерге) жариялы түрде мазақтайтын әрекеттерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліке тартуды қосу керек. Келесіні сіз жалғастырыңыз. Бүгінгі мәдениетсіз адам, ертеңгі мәдениетсіз елге айналмас үшін тағы не істей аламыз?

Posted by Ерлан Жұрынбаев on Sunday, September 27, 2020