«Мынау қазақ, мынау жақсы украин». Ресейлік «Ахмат» жасағының командирі әскерінің көп ұлтты екенін айтты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мынау қазақ, мынау жақсы украин». Ресейлік «Ахмат» жасағының командирі әскерінің көп ұлтты екенін айтты (ВИДЕО)

«Мынау қазақ, мынау жақсы украин». Ресейлік «Ахмат» жасағының командирі әскерінің көп ұлтты екенін айтты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Украина жерінде қару асынып жүрген ресейлік «Ахмат» арнайы жасағының видеосы тарады.

  • 28 Сәуiр 2022
  • 1101
Фото - Caravan.kz

Онда командирлердің бірі өз әскерінің көп ұлтты екенін айтып, ішінде қазақтардың да барын тілге тиек етеді.

Бұл турал Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Ең көп ұлтты әскер ол «Ахмат» арнайы жасағы. Түсінікті болу үшін айтайын, бұл украиндық жігіт. «Ахмат» арнайы жасағындағы украин. Бұл жақсы украин. Мынау орыс, мынау қазақ. Біздің «Ахмат» арнайы жасағында ингуштар, осетиндер, құмықтар бар. Біз көп ұлтты ұжымбыз және мұндағы жігіттердің қуанышы да, қайғысы да ортақ, мақсатымыз да бір. Яғни бұрын бауырлас болған халықтардың тату-тәтті өмір сүруін қамтамасыз ету. Және мұндай жауыздар, фашистер, ұлтшылдардың болмағанын қалаймыз»,- дейді видеодағы жауынгер.

Видеоны көрген көпшілік Ресей билігі өз еліндегі аз ұлттардың өкілдерін біріктіріп, әдейі қанды қасапқа айдап отыр деп пайымдады.

Бірқатары ондағы қазақ деген жігіттің қазаққа ұқсамайтынын айтса, енді бірі бұларға жалдамалы тобыр деп баға берді.


 

Ресейдің “Ахмат” батальонында әр түрлі ұлт өкілдері қызмет етеді екен. Өзіміздің қаракөздер де Кремльдың бұйрығын, осы батальонның қатарында орындап жүр. Қысқасы Ресей билігі бұл соғысқа өз құрамындағы бүкіл ұлттарды кіргізіп, қатыстырып, байланыстырып тастаған сияқты. Енді Ресей үгіт-насихатшылары бұл соғысты “Ұлы Отан Соғысы 2.0” деп шығаруға тырысады. #Nordman

Posted by Samat Nordman Nurtaza on Wednesday, April 27, 2022

 

Соңғы жаңалықтар