«Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонында көмекке мұқтаж жандарға 22 миллион теңге жиналды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонында көмекке мұқтаж жандарға 22 миллион теңге  жиналды

«Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонында көмекке мұқтаж жандарға 22 миллион теңге жиналды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының Алғыс айту күніне және Қазақ радиосының 100 жылдығына орай өткізген «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонында көмекке мұқтаж жандар үшін 22 млн 200 мың теңге қаражат жиналды.

  • 2 Наурыз 2021
  • 75
Фото - Caravan.kz

Таңғы сағат 09.30-да басталған телемарафон барысында көпшіліктің қолдауымен остеогенез сырқатына дауа іздеген бір отбасының балалары, 10 және 12 жастағы Нұрислам мен Балнұр Жұматайға, созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан журналист Бағдат Мұхтарұлына, Түркия ауруханасында лейкозбен күресіп жатқан 3 жастағы ақтаулық Ләйлә Бақтыбаеваға, тобығы өкшесіне бітіп, бел омыртқасы айқасып туған 8 жастағы қызылордалық Зарина Ниязбектің есепшоты жарияланып, көпшілік көмек қолын ұсынды.

Нұрислам мен Балнұр Жұматайдың атына ашылған есепшотқа 6 675 835 тг, Ләйлә Бахтыбаеваға 6 141 749 тг, Зарина Ниязбекке 4 816 208 тг, Бағдат Мұхтарұлының есепшотына 4 566 208 тг түсті. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы кейіпкерлердің алдағы өмірі туралы көпшілікті хабардар етіп отырады.

Сонымен қатар телемарафон барысында Ресейден 18 жылдан бері еліне жете алмай жүрген қазақстандық азамат Тенгиз Висаитов Қарағандыда тұратын анасы Марет Висаитовмен жүздесті. «Харекет» қайырымдылық қорының директоры Гүлмира Мұқанқызы студияда тағдырдың тауқыметін көріп, қайта қауышқан жандарға 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

«Мың алғыс» қайырымдылық жобасы 2018 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Шараның негізгі мақсаты — көмекке мұқтаж жандарға көпшіліктің атсалысуымен қолұшын созу, мейірімділікті, қайырымдылықты насихаттау, қайырымды жандарға алғыс айту.