Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.
Видеода расында да бірнеше мың адам жиналған. Көпшілігі маска тағып алған. Алайда қауіпті вирустың таралып жатқанына ешкім мән бермейтін сияқты. Желідегі оқырмандар "ҚМДБ-ның шығарған үкімі қайда қалды? Президент жариялаған карантин қайда қалды?" деген сияқты пікірлер қалдырыпты.
Еске салсақ, бүгін Абдуғаппар Смановтың қайтыс болғаны белгілі болды.
Сманов Абдуғаппар Шәкірұлы
1970 жылы 22 ақпанда дүниеге келген.
Білімі: Жоғары
Еңбек жолы:
1994 жылдан бастап «Таяқты Ешан» мешітінде бас имам болып,
«Таяқты Ешан» мешіті жанындағы « Убай ибн Кааб» медресесінде ұстаздық қызметін қатар алып жүрді .
2010 жылдан бастап «Сарыағаш медресесінің» директорының орынбасары.
2016 жылдан «Сарыағаш медресе колледжі» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
2016 жылы желтоқсан айынан бастап «Сарыағаш медресе колледжінің» директоры лауазымын алды
Абдуғаппар Смановтың жаназасы деседі. Иманды болсын әрине. Бірақ вирус жайына қалған сияқты. Ертең осынша халықтың тең жартысы ауырып қалса таңданбаймын. Өкпелері түсейін деп жөтеліп жүр біразы.
Posted by Ashat Kasengali on Wednesday, July 1, 2020