Ал кеденшілер тәркілеген тасбақаларды шығысқазақстандық қоғамдық ұйым белсенділері Жамбыл облысына пойызбен жеткізді. Осылайша 1000-ға жуық жәндік аман-есен еркіндікке жіберілді. Қалған 500-дей тасбақа Шығыс жақтың климатына шыдамай, қырылып қалған. Мамандардың айтуынша, елімізде бір тасбақаның құны мың теңгеге бағаланады екен. Ал Ресейде оның бағасы екі-үш есе қымбат; ол жақта тасбақа еті мейрамханаларда үлкен сұранысқа ие.