Мыңға жуық тасбақаны шекарадан Қазақстан аумағына заңсыз өткізбек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мыңға жуық тасбақаны шекарадан Қазақстан аумағына заңсыз өткізбек болған

Мыңға жуық тасбақаны шекарадан Қазақстан аумағына заңсыз өткізбек болған

Биыл мамыр айында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты

  • 10 Тамыз 2015
  • 556
Фото - Caravan.kz

Сарыағаш шекара отрядының «Қапланбек» бекетіндегі шекара наряды Өзбекстан Республикасынан еліміздің аумағына өтпек болған Daewoo «Матиз» автокөлігінен 2000 тасбақаны тауып, тәркілегендігі туралы хабарланған болатын.

2015 жылдың 10 тамызында, яғни бүгін,  таңғы 7 шамасында тағы да Сарыағаш шекара отрядының «Сарыағаш» шекаралық бақылау (теміржол) бөлімінде «Келес-Сарыағаш» (Өзбекстан-Қазақстан) бағытындағы №52663754 пойызының жабық вагонынан «Император» атты ізшіл иттің көмегімен заңсыз тасымалданбақ болған 5 қап, жалпы саны 989 дана тасбақа, салмағы 130 кг болатын 7 қап түсті металл (мыс) анықталды.

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады. 


Соңғы жаңалықтар