«Мыңқылдап, сандырақтап отыр»: Ұнның қымбаттау себебін нақты түсіндіре алмаған шенділер ел алдында ұятқа қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мыңқылдап, сандырақтап отыр»: Ұнның қымбаттау себебін нақты түсіндіре алмаған шенділер ел алдында ұятқа қалды

«Мыңқылдап, сандырақтап отыр»: Ұнның қымбаттау себебін нақты түсіндіре алмаған шенділер ел алдында ұятқа қалды

Қоғам белсендісі, қазіргі Мәжіліс депутаты Сауда комитетінен өңірлерде ұнның бірден қымбаттау себебін сұрады.

  • 27 Қыркүйек 2023
  • 162
Фото - Caravan.kz


Өкініштісі, министрлік өкілдері аталған сұраққа жөнді жауап бере алмай, әбден састы, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл ретте Мәжіліс депутаты кей өңірлерде бір қап ұнның бағасы 12 мыңнан 16 мыңға бірден көтерілгенін айтқан.

«Ішкі сауданы дамыту бойынша бізде қаражат қарастырылмаған. Бізде сауда комитеті бар, ол сауда мәселесімен айналысып жатыр. Сауда комитетіне сөз берейік, бірақ сіз жаңа айтып отырғандай ұн 12 мыңнан 16 мыңға қымбаттаған жоқ. Солтүстік өңірлерде жауын-шашынның созылуынан, бидайды жинау 2-3 аптаға созылып келе жатыр. Былтырғымен салыстырғанда биыл Ресейден ұн импорты 10 пайызға азайды. Қазіргі уақытта бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіп жатырмыз», — деді сауда комитеті төрағасының орынбасары.