Мыңжылдықтың ең бай адамдарының қатарында император Николай ІІ есімі аталды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.93
  • 609.07
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мыңжылдықтың ең бай адамдарының қатарында император Николай ІІ есімі аталды

Мыңжылдықтың ең бай адамдарының қатарында император Николай ІІ есімі аталды

Хайдарабад княздігінің 1911-1948 жылдар арасында ел басқарған соңғы билеушісі Осман Әли Кхан әлемдегі ең бай үнділік болып аталды.

  • 18 Қазан 2012
  • 607
Фото - Caravan.kz

Оның дәулеті бүгінгі есептерге қарағанда 236 миллиард долларды құраған, деп хабарлады ИТАР-ТАСС агенттігі жергілікті «Хинду» газетіне сілтеме жасап.

Ол әлемдегі ең бай адамдар тізімінде алтыншы орынға ие болды. Ал бесінші орынға инфляцияны есепке алғанда 300 миллиард доллар дәулет жиған ресей императоры Николай ІІ шықты.

Мыңжылдықтың ең бай адамы ретінде XIV ғасырда ортағасырлық Мали мемлекетін басқарған жоғарғы билеуші Мансак Муса аталды. Ол 1324 жылы 60 мыңнан астам нөкерлерімен бірге қажыға барған. Бүгінгі күнге шаққанда оның байлығы 400 млрд. долларға бағаланып отыр.

Әлемнің ең бақуатты адамдарының тізімінде неміс банкирі Майер Амшель Ротшильд пен кәсіпкер Джон Дэвисон Рокфеллер, өнеркәсіпші Эндрю Карнеги, Англия королі Вильгельм І, Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафи, автомобиль жасаушы Генри Форд және кеме иесі Корнелиус Вандербильд бар.

Әлемдегі 25 бай адамның үшеуі ғана — американдықтар Билл Гейтс пен Уоррен Баффет, мексикандық Карлос Слим бүгінгі таңда жер басып жүр.