«Мырза Мухаммад Хайдар Дуглат парсы дерекнамаларында» атты кітап жарыққа шықты – ҚМДБ - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мырза Мухаммад Хайдар Дуглат парсы дерекнамаларында» атты кітап жарыққа шықты – ҚМДБ

«Мырза Мухаммад Хайдар Дуглат парсы дерекнамаларында» атты кітап жарыққа шықты – ҚМДБ

Ортағасырлық мемлекет қайраткері, ғалым әрі ақынның өмірбаяны туралы қазақстандық және үндістандық ғалымдар жазған «Мырза Мухаммад Хайдар Дуглат парсы дерекнамаларында» атты кітап жарыққа шықты, деп Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан хабарлады (ҚМДБ).

  • 27 Қазан 2011
  • 643
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығында Қазақстан және Орта Азияның ортағасырлық тарихының жылнамасы тағы бір маңызды әрі құнды еңбекпен толықты. «Мырза Мухаммад Хайдар Дуглат парсы дерекнамаларында» атты кітап жарыққа шықты. Бұл ғылыми басылым қазақстандық және үндістандық ғалымдардың бірлескен еңбегінің нәтижесі», — делінген ҚМДБ бейсенбі күні таратқан ақпараттық баянда. Хабарда айтылғандай, Мырза Мухаммад Хайдар Дуглат (1499-1551) ортағасырдағы атақты мемлекет қайраткері, ғалым-тарихшысы, гуманист-ақыны болған.

«Оның ғылыми еңбектері Тибет, Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Иран және, әрине, Қазақстанның тарихына, этнографиясына, әдебиетіне және мәдениетіне қатысты болған», — делінген ақпараттық-баянда.

ҚМДБ мәліметтерінше, басылымның негізгі бөлігін танымал үндістандық ғалым Мансур Хайдардың «Мухаммад Хайдар Дуглат мырза. Парсы дерекнамаларында ол қалай сипатталған» атты кітабының орысша аудармасы құрайды. 2002 жылы Үндістанның ғылым және жаңа технологиялар министрі Абхай Анкар Мансұр Хайдардың кітабын шейх Әбсатар қажы Дербісәлиге сыйлаған.

«Ол (Әбсаттар қажы Дербісәлі – ҚазТАГ) Мансұрдың кітабын орысша және қазақшаға аударып, басып шығару мәселесін қолға алды. Әр түрлі себептермен кітапты шығару бірнеше жылға созылды. Ал бүгін оқырмандар кітаптың орысшы аудармасымен таныса алады», — делінген ақпараттық баянда.

ҚМДБ атап көрсеткендей, кітапты құрастырушылар «егер демеушілер табылса, кітаптың қазақша аудармасы да кітап сөрелерінен орын алар еді» деп үміт етеді.

Перейти к новостям спорта