Мырзахан Маханов & Ислам Алтайбаев - "Сен үшін тағы айтам ән" әнінің сөзі - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мырзахан Маханов & Ислам Алтайбаев - "Сен үшін тағы айтам ән" әнінің сөзі

Мырзахан Маханов & Ислам Алтайбаев - "Сен үшін тағы айтам ән" әнінің сөзі

"Жігіттер" тобының әншісі Мырзахан Маханов пен Ислам Алтайбаев "Сен үшін тағы айтам ән" әнін жарыққа шығарып, жаңа бейнебаян түсірді.

  • 11 Наурыз 2020
  • 2362
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа порталы лирикаға толы әннің сөзін назарларыңызға ұсынады.

Өтеді керуен уақыт,

Өмірімде мен көрген бақыт,

Сендей болмас ешкім.

Арманыңды сұрамайды, 

Тек біздерді сынамайды

Бұл бес күн.

Менің бөлек тілегім бе,

Менің қалып қойған жүрегімді

Бір ұмытылмас мұң бар.

Сағынсаң да болар қайғы,

Жазылса да оралмайды

сол жылдар.

Қайырмасы:

Бір болайық қайтадан,

Қателіктерді ұмыту үшін.

Сен үшін тағы айтам ән,

Нәзік жаныңды жылыту үшін.

Бірге болайық қайтадан,

Екеуміз ғана жаңа өмір бастап.

Жанымда болсаң жай табам,

Өкпе мұңымды өткенге тастап.

Бір өткізіп, бір уақытты

Сезінейік бұл бақытты


Сәл бағаланбай қалмас.

Сезім бөлек, сен де мүлде.

Басқа шетел көргенімде мен алғаш.

Сен әнімсің мәңгі айтатын.

Сағындырып сарғайтатын

Күз келе бермес күнде.

Сыр қалмай арамызда,

Өмір бойы боламыз ба біз бірге.

Қайырмасы:

Сағыныш белгісі болып бұл күндерді,

Өкініш өртеп барады, амал бар ма?

Сарғайып сол нәзік күндердің,

Бейнесі қалған ба сенің жаныңда?

Қайырмасы: