Мырзахметов Дүйсенованы демалыс күні төленетін ақшаны азайтпауға көндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мырзахметов  Дүйсенованы демалыс күні төленетін ақшаны азайтпауға көндірді

Мырзахметов Дүйсенованы демалыс күні төленетін ақшаны азайтпауға көндірді

Мырзахметов Дүйсенованы көндірді! Сөйтіп мереке және демалыс күні төленетін еңбекақы азаймайтын болды. Бүгін «НұрОтан» партиясы Әлеуметтік даму министрін кеңселеріне шақырып, Тамара Дүйсенованың тамырын басты.

  • 26 Қыркүйек 2015
  • 519
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін түнде, сенбі, жексенбі және мейрам күндері жұмыс істегендерге екі есе жалақы төленетін. Яғни, мәселен қызметкердің бір күндік жалақысы 5 мың теңге болса, мерекеде жұмысқа шыққаны үшін 10 мың алатын. Үкімет Еңбек кодексінен осы төлемді еселеп азайту туралы өзгеріс енгізген болатын. Бірақ, жаңа заң жобасы үлкен дау тудырып кәсіподақтар тегіс қарсы шықты. Енді қарапайым еңбеккерлер демалыс күні артық сағат жұмыс істегені үшін маңдай тер ақысын алатын болды. Толық көлемде болмаса да, кемі ақшаның жартысына қол жеткізуі тиіс. Осылайша, қазір Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасы түбегейлі өзгермейді. Депутаттар райынан қайтара алмаған Дүйсенованы бүгін жылы сөйлеген Мырзахметов көңілін тапты.


Асқар Мырзахметов, «НұрОтан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

-Тамара Қасымқызы,Үкімет қарсы емес дедіңіз. Бұл министрлік бізбен келіседі деген сөз ғой? 

Тамара Дүйсенова, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

-Ұсыныстарыңызға қарсы емеспіз. Демалыс, мереке күндері және түнгі жұмыс уақыты үшін төленетін жалақы 1 жарым еседен кем болмайды. Бірақ оның нақты сомасын жұмыс беруші мен қызметкер өзара келісіп белгілейді.

Соңғы жаңалықтар