"Мыстан, сайтанның қарбашалары": Елшібаева психологты сыбап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мыстан, сайтанның қарбашалары": Елшібаева психологты сыбап тастады

"Мыстан, сайтанның қарбашалары": Елшібаева психологты сыбап тастады

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева психолог Құралай Ошақьаеваны сынның астына алды. 

  • 25 Шiлде 2022
  • 749
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Мұсылман адам басқа діннің сандырағымен айналысады ма? Құралай, кезінде Буддизмді насихаттап Республика
сарайында Правдинаны шақырып мұсылман қыз-келіншек, қатынға буддизмнің дұғалары мантра айтқызып қойған еді. Кейін молдалар қарсы шыққасын, ұялғаннан Алланың 99-көркем есімін жаттаймыз-, деп шықты.

Құралай енді сюцайдың командасында жүр екен. Ақшаның соңына түсіп, буддизмдің қаңсығын, мұсылман діни сауаты аз қазақты,енді буддизмнің ілімімен, болжауымен елдің миын қатырып жүр ма?

Ой бұл мыстандарға салсақ, енді мұсылманнан безіп, пұтқа табынған буддизмнің- Сюцай ілімі деп, ғылымға енбеген көріпкелсымақтарға тағдырымызды талқандау қалды ма?

Ай шайтанның қарбашалары, мұсылманда иманның бірі тағдырыңа сену болса, өз тағдырына сенбеген, Алладан жақсылық үміт күтпеген ғана, өз тағдырына болжау жасап жатады, құдайдың тағдырына қарсы шығып, пенденің сандырағына еріп жатады.

Мұсылман болсаң, өзге буддизмнің қаңсығына еріп, Алладан тілеп -құстай ұшпай, Адамнан тілеп мұрттай ұшып жүрме. Біз Қазақ деген -мұсылман ұлтпыз. Ата-бабамыз Алла, Тәңір, Құдай деп жаратушыға сенген қолымызда-Құран, жүрегімізде- иман, тілімізде -кәлимасы бар елміз.

Ақ пен қараны айыра алмаған Құралай Ошақбаеваның психологпен деп ақылы тренингтерінде әр дінді шатып- пұтып, дұға деп дуа абжатын жаттатып, ведьмалардың дуасын үйреткен дегенім үшін, кейбір діннен сауаты аздар, осы псевдопсихологтар туралы парақшаларда, маған қарсы аузына келгенін кейбірлер айтты.

Адам баласы -мұсылман, кәпір, мүшрік, мұнафиқ болып бөлінеді екен.

Мұсылман-құдайға сенген адам.

Кәпір-Құдайға сенбейтін атейс.

Мүшрік-пұтқа табынушы, буддистер.

Мұнафиқ-мұсылман, мүшрік, кәпірдің дінінен әркімге уағыз айтып, кімнің қасында жүрсе соның дінінде болатын екі жүзді.

Алла қияметте екі жүзді мұнафиқке қарамайды деген екен. Бұл өмірде кімнің көшінде жүресің, қияметте де сол топпен бірге боласың -,деп хадис шәріптерде жазылған.

Сондықтан, Аллатағала мұсылман қазағымды, қазақтың қара көз қыздарын тура жолдан айырмасын! Бұл жазбалар Ислам дінін ұстанбайтындарға қатысы жоқ. Діни сауаттарың болмаса, мына видеодағы теолог-ғалым- @ainur_parapsycholog парақшасында, ютюбінде бәрі тегін тұр, оқып алдыңдар", деп жазды.