Мысыр Араб Республикасының президенті елімізге ресми сапармен келді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мысыр Араб Республикасының президенті елімізге ресми сапармен келді

Мысыр Араб Республикасының президенті елімізге ресми сапармен келді

Астана. 7-қараша. Kazakhstan Today. Бүгін Мысыр Араб Республикасының президенті Хосни Мубарак елімізге тұңғыш рет екі күндік ресми сапармен келді, - деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Қараша 2006
  • 577
Фото - Caravan.kz

Мысыр жетекшісі мінген ұшақ Елордасы әуежайына 14 сағат 55 минутта келіп қонды. Мысыр президентін еліміздің СІМ Қасымжомарт Тоқаев, білім және ғылым министрі Бірғаным Әйтімова мен мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев күтіп алды.

ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың жуырда құлағдар еткеніндей, екі мемлекет басшысы «өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты мәселелер кешенін, сондай-ақ, халықаралық және аймақтық өзекті мәселелер мен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылайды».

Мысыр елі өкілдерінің құрамында осы елдің сыртқы істер, ақпарат, инвестициялар, сауда және индустрия министрлері келеді.

Сапар аясында экономика, мәдениет және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы екі жақты бірқатар құжаттарға қол қою межеленген. Екі мемлекет басшысының келіссөздерінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданады.

«Қазақстан-Мысыр қарым-қатынасының негізі Елбасының 1993-жылғы ресми сапарының барысында қаланған. Екі мемлекет арасында сенімді саяси диалог орнады. Экономика және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстар да ілгерілеп келеді»,- деді елші.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта