Мысыр Араб Республикасының президенті елімізге ресми сапармен келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мысыр Араб Республикасының президенті елімізге ресми сапармен келеді

Мысыр Араб Республикасының президенті елімізге ресми сапармен келеді

6-қараша. Астана. Kazakhstan Today. 7-8-қарашада Мысыр Араб Республикасының президенті Хосни Мубарак Қазақстанда ресми сапармен болады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Қараша 2006
  • 455
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан-Мысыр қарым-қатынасының негізі Елбасының 1993-жылғы ресми сапарының барысында қаланған. Екі мемлекет арасында сенімді саяси диалог орнады. Экономика және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстар да ілгерілеп келеді»,- деді елші.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, екі мемлекет басшысы «өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты мәселелер кешенін, сондай-ақ, халықаралық және аймақтық өзекті мәселелер мен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылайды».

Мысыр елі өкілдерінің құрамында осы елдің сыртқы істер, ақпарат, инвестициялар, сауда және индустрия министрлері келеді.

Сапар аясында экономика, мәдениет және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы екі жақты бірқатар құжаттарға қол қою межеленген. Екі мемлекет басшысының келіссөздерінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта