Мысыр астанасында жарылыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мысыр астанасында жарылыс болды

Мысыр астанасында жарылыс болды

Каирдың солтүстігінде бейсенбіге қараған түні жарылыс болды.

  • 20 Тамыз 2015
  • 323
Фото - Caravan.kz

Мысырлық БАҚ хабарлағандай, елдің әскери ведомстволарына қарасты бір ғимараттың маңында үш жарылғыш зат жарылды, деп хабарлады ТАСС агенттігі. 

Алдын-ала белгілі болған ақпаратқа қарағанда алты адам жарақаттанған.

Жарылыс Мысыр астанасының көптеген аудандарында естілді.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, жедел жәрдем және полиция шықты.
Маусымның соңында және шілденің басында Каирде екі теракт орын алды. Италия консулдығының маңында шілдеде болған жарылысты «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алған.


Маусымның соңында тағы бір жарылыс президенттік сарайы маңында орын алды.

Соңғы жаңалықтар