Мысыр миллиардері мигранттар үшін Грекиядан немесе Италиядан арал сатып алмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мысыр миллиардері мигранттар үшін Грекиядан немесе Италиядан арал сатып алмақ

Мысыр миллиардері мигранттар үшін Грекиядан немесе Италиядан арал сатып алмақ

 Мысырлық миллиардер Нагиб Савирис еуродақ елдеріне босып келіп жатқан  мигранттарға жағдай туғызу үшін Грекиядан немесе Италиядан арал сатып алмаққа ниеттеніп отырғанын мәлім етті. 

  • 4 Қыркүйек 2015
  • 265
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бейсенді күні бизнесмен  твиттерге жазған.  

«Мейлі Грекия немесе Италия, маған аралдарын сататын болса, босқындарды қабылдап , оларға жұмыс тауып беріп, жаңа мемлекет құруларына жағдай туғызамын»,-деп атап өткен ол.

Батыс БАҚ-тарының  хабарлауынша,Савириске арал сатып алу оған кемінде  10 миллион, тіпті 100 милионға түсуі ықтимал. Оның өзі де аралда көптеген адамның өмір сүруі үшін қажетті жағдай туғызу үлкен жүк екендігін мойындап отыр.

ЕО-ның шекаралық агенттігі соңғы 7 айдың ішінде Еуроодаққа ағылып келіп жатқан мигранттардың саны 340 мыңға жеткендігін мәлім етті,деп хабарлайды
 interfax
.ru.

Соңғы жаңалықтар