РАА-ның хабарлауынша, бұл туралы президентпен кездескен саяси партиялар көшбасшыларының бірі мәлім еткен.
Айта кетейік, либералды-демократиялық лагердегі оппозиция жақтастары Мысыр президенті Мұхаммед Мурси бастамашы болған Конституциялық декларация мен референдумға қарсылық танытуда. Ахуал президенттің өз құзіретін барынша арттыра түсетін декрет қабылдауынан кейін тіпті ушыға түсті десек те болады. Конституциялық декларация жобасы 22 қараша күні жария етілді, ұсынылған өзгерістерге сәйкес президентке төтенше құзірет беріледі, ал елдің саяси өмірінде ислам қозғалысының рөлі күшейтіледі.