Мысыр Президенті жаңа фараон болғысы келеді
![]() |
Оппозиция Каирде билікті озбырлықпен басып алуға қарсы мыңдаған наразылық акцияларын өткізуде. |
Мысырда жаппай наразылықтар қайта басталды. Оған Президент Мұхаммед Мурсидің 22 қараша күні жариялаған елдің жаңа Конституциялық декларациясы себеп болды, деп хабарлады Іzvestia.ru.
«Мурси елдегі билікті иемденіп алды және өзін жаңа фараон санайды», - деп мәлім етті либералды саясаткер, Нобель сыйлығының лауреаты Мұхаммед әл-Барадеи.
Бейсенбі күні жарияланған Конституциялық декларация тұрақты конституция қабылданғанға дейін қолданыста болады, ол қазіргі уақытта конституциялық комитетте әзірлену үстінде. Бастапқыда конституция ағымдағы жылдың желтоқсанында референдумға шығарылуы тиіс болды. Бірақ Мурсидің жаңа декларациясы оны әзірлеуге тағы 2 ай уақыт берді.
«Мысырлық президенттің жаңа декларациясы - диктатураға қадам», - дейді Таяу Шығыс институтының сарапшысы Сергей Серегичев.
«Президент өзін соттан жоғары қояды. Жаңа декларацияға сәйкес, оның шешімі ешқандай сотпен теріске шығарыла алмайды!», - деп алаңдаушылық білдірді саясаткер, әлеуметтік-демократиялық партияның мүшесі Эмад Хад.
Айта кетейік, «Мұсылман-Бауырлар» мемлекет басшысын қолдауға ниетті.
Тахрир алаңында жұма намазынан кейін либералдар мен демократтардың 30-ға жуық тобы шиеленісті. Каирде полиция мен шерушілердің арасында қақтығыстар аптаның басынан жалғасуда. Шерушілер «Араб көктемі» кезінде қаза болған 800 адамның өліміне жауапты қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері жазалануын сұрайды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін