Мысыр президентінің Қазақстанға сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мысыр президентінің Қазақстанға сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды

Мысыр президентінің Қазақстанға сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды

АСТАНА. 7-қараша. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада Мысыр президенті Хосни Мубарактың Қазақстанға ресми сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Қараша 2006
  • 372
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Қазақстан мен Мысыр дипломатиялық төлқұжаттары бар адамдарды виза алудан босату жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойды. Сонымен бірге тараптар Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуі аясында тауар және қызметтер рыногына шығу мүмкіндігін беру жөніндегі Қазақстан мен Мысыр Араб Республикасы арасындағы келіссөздерді аяқтау туралы хаттамаға, сондай-ақ, Қазақстан мен Мысыр үкіметтері арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта