Мысыр телеарнасындағы тікелей эфир кезінде имам оңбай таяқ жеді - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мысыр телеарнасындағы тікелей эфир кезінде имам оңбай таяқ жеді

Мысыр телеарнасындағы тікелей эфир кезінде имам оңбай таяқ жеді

Австралиялық имам Мұстафа Рашид Мысыр телеарналарының бірінің студиясында тікелей эфир кезінде соққыға жығылды, деп хабарлайды Baq.k

  • 26 Қазан 2016
  • 1537
Фото - Caravan.kz

Австралиялық имам Мұстафа Рашид Мысыр телеарналарының бірінің студиясында тікелей эфир кезінде соққыға жығылды, деп хабарлайды Baq.kz.

Рашид мұсылмандардың хиджаб киюі туралы тақырыпта заңгер Набих әл-Вахшпен пікір таластырған болатын. Имам «хиджаб кию діни міндеттен гөрі дәстүрге көбірек жақын» екенін мәлімдегені сол еді, қарсыласы ашуланып шыға келді. Олар алдымен бірін-бірі балағаттайды, содан кейін әл-Вахш бәтеңкесін шешіп алып, имамды бірнеше рет ұрған.

Лента.ру порталының мәліметінше, төбелесқұмарларды телеарна қызметкерлері ажыратып алды, алайда бағдарламаны тоқтатуға тура келеді. Таяқ жеген имам студиядан кетіп қалды.