Жарияланды: 350

Мысыр вице-президенті М.Мекки отставкаға кетуге өтініш білдірді

Мысыр вице-президенті Махмуд Мекки отставкаға кетуге өтініш білдірді. Бұл туралы Ресей Жаңалықтар агенттігі хабарлады.

22 желтоқсан күні дауыс берудің екінші кезеңі өтіп жатқан Мысыр конституциясының жаңа жобасында вице-президент лауазымы қарастырылмаған. Жаңа мысырлық конституция бойынша референдум екі кезеңмен өтеді. Референдумның екінші кезеңіне 2,5 млн.-ға жуық мысырлық қатысады. Бірінші кезең дауыстарының алдын ала есебі бойынша, халықтың 57 пайызы өз дауыстарын жаңа конституция үшін берді, қарсы дауыс бергендер - 47 пайыз. Елдің жаңа заңын исламдық қозғалыстар қолдауда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін