Оңтүстік Синайда автобус аударылып, 41 адам жарақат алды, олардың ішінде үш Қазақстан азаматы бар, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Cairo24-тің хабарлауынша Автобус аударылғаннан кейін 41 адам жарақат алды. Жарақат алғандардың арасында Ресей мен Украинадан келген 31 турист, Қазақстаннан келген үш азамат, Әзербайжаннан үш азамат және төрт мысырлық болған.
Жол-көлік оқиғасы Мысырдың Оңтүстік Синай аймағындағы Рас-Судр жолында болған. Ал автобус туристерді тасыған.
Оқиға орнына жедел жәрдем көліктері жедел жетіп, зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.