Caravan Logo

Мысырда референдум қорытындысы жарияланды

Мысырда референдум қорытындысы жарияланды

Екі кезеңнен тұрған дауыс беру процесіне 50 миллионға тарта электораттың 33 пайызға жуығы ғана қатысқан.

Конституция жобасын көпшілігі исламшыл президент Мұхаммед Мурсидің жақтастары дайындаған. Оппозиция жобаны демократиялық еркіндікті, әйелдер мен аз топтар құқықтарын шектейді деп сынаған. Биліктің қарсыластары бірнешеапта наразылық акцияларын ұйымдастырды.

Оппозиция референдум барысында көптеген заң бұзушылықтар болды деп мәлімдеді.

Жаңа конституцияға сай алдағы екі айда парламент сайлауы өткізілуі мүмкін, деп хабарлайды «Азаттық».