Осы жолы елдің 17 провинциясынан 25 мыңнан астам тұрғыны дауыс береді, деп хабарлайды 24 KZ.
176 сайлау округінде қоғамдық тәртіпті 85 мың әскер бақылауға кірісті. Айта кетейік, референдумның бірінші кезеңі 15 желтоқсанда өткен болатын. Сайлау қорытындысында бұрмалау оқиғасы тіркелгенмен, жалпы сайлау тыныш өтті деуге болады. Референдумның I-кезеңінің қорытындысы бойынша тұрғындардың 57%-ы жаңа заңды қабылдаса, 43%-ы наразылықтарын білдірді.
Соңғы кездері Мысыр халқы ереуілден көз ашпай келеді. Таяуда ғана сайлаудың бұрмалануына байланысты президент жақтастары мен қарсыластары арасында Александрия қаласында жанжал шықты.