Мысырдағы мешітте жарылыс жасаған террористің қолында «Ислам мемлекетінің» туы болған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мысырдағы мешітте жарылыс жасаған террористің қолында «Ислам мемлекетінің» туы болған

Мысырдағы мешітте жарылыс жасаған террористің қолында «Ислам мемлекетінің» туы болған

Мемлекет тарихындағы ірі теракт салдарынан 300-ден астам адам қаза тапқан. Мысыр прокуратурасының мәлімдеуінше, Әл-Равда мешітіне жа

  • 26 Қараша 2017
  • 193
Фото - Caravan.kz

Мемлекет тарихындағы ірі теракт салдарынан 300-ден астам адам қаза тапқан. Мысыр прокуратурасының мәлімдеуінше, Әл-Равда мешітіне жасалған шабуылға 30-дан аса содыр қатысқан. деп хабарлайды жергілікті Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Мысыр Президенті Әбдул Фаттах Сиси отандастарының өлімі үшін лаңкестер барынша қатал жазаланатынын мәлімдеді.

«Олар соғысты терроризм арқылы тоқтатқысы келеді. Қорғаныс күштері мен полиция құрбан болғандар үшін кек алып, елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қалпына келтіреді», – деп мәлімдеді Мысыр Президенті.

Мысырдың Бас прокуроры Набил Садаканың мәлметі бойынша, мешітте жарылыс ұйымдастырып, шабуыл жасағандардың жас шамасы 25-30 жас аралығында болған.

«Олар Бир әл-Абдке бес жол талғамайтын көлікпен келген. Көбі бет-ауыздарын тұмшалап алып, маска киген. Ал бет-жүздері ашық болған содырлардың сақал-шашы өсіп кеткен. Барлығы әскери камуфляж түстес шалбар мен қара футболка киген” – деп мәлімденеді баспасөз хабарламасында.


Мешітке жасалған теракт салдарынан 305 адам қаза болған. Қаза тапқандардың ішінде 27 бала бар. Сонымен қатар 128 адам зардап шеккен.

Қантөгістің ертесінде Мысыр әскери әуе күштері жиһадшылардың Синай түбегіндегі бекіністеріне әуеден шабуыл жасаған. Шабуыл барысында ДАИШ террорлық ұйымының шамамен 30 мүшесінің көзі жойылды.

Аталған оқиғаға байланысты Мысырда үш күн аза тұту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар