Мысырдың бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсидің жүзге тарта жақтасына жаза кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мысырдың бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсидің жүзге тарта жақтасына жаза кесілді

Мысырдың бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсидің жүзге тарта жақтасына жаза кесілді

Мысыр соты елдің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсиді қолдаған 98 адамға жаза кесті.

  • 26 Қыркүйек 2014
  • 322
Фото - Caravan.kz


Олардың арасында шартты мерзімнен бастап 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылғандар бар, деп хабарлайды «әл-Арабия» телеарнасы.

Атап айтқанда, Кафр-эш-Шейх провинциясында қаңтар айындағы тәртіпсіздіктерге қатысқан 86 адам сотталды. Оның ішінде 73 адамға 15 жыл, тоғыз адамға 10 жыл, кәмелет жасына толмаған тағы төрт бала шартты мерзімге жаза кесілді.