Жарияланды: 4100

Мысырлық имам мұсылмандарға өз қыздарын зорлауға рұқсат етті (видео)

Мысырлық имам мұсылмандарға өз қыздарын зорлауға рұқсат етті (видео) Сурет - Qamshy.kz

Мазен аль-Серсави атты имамның айтуынша, заңсыз туылған қыз балалар әкесіне ешқандай қатысы жоқ, сондықтан, оларға да басқалары сияқты қарай беруге болады.

Мазен аль-Серсави атты имамның айтуынша, заңсыз туылған қыз балалар әкесіне ешқандай қатысы жоқ, сондықтан, оларға да басқалары сияқты қарай беруге болады, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі британдық таблойд Daily Mail-ге сүйене отырып жазады.

Каирдегі сунниттік бағыттағы ең мықты Аль-Азхар университетінің имамы Мазен аль-Серсави көпшілікке «еркектердің өз қыздарымен жыныстық қатынасқа түсуіне болады» деген мәлімдемесі үшін танылды. Ол үшін қыз бала некесіз туылған болу керек. Оның ойынша, некесіз туылған қыздардың әкесіне ешқандай қатысы жоқ.

«Егер ондай әйел еркектен жүкті болып, босанса, онда онымен болатын еркек үшін ол харам емес», - дейді имам. Бұл мәлімдемесін ол 2012 жылдан бастап айтып келеді. Оның сөздері жазылған бейнежазба желіге тарап, шетелде де көп рет қаралған.
 

YouTube каналына жарияланған бейнежазбаның өте көп көрілгеніне қарағанда Мазен аль-Серсави өте танымал араб уағыздаушысы болса керек. Ол телеарнаға қаншама  рет шақырылып,  бейнежазбалар түсірген.

Мәскеу университетінің профессоры Роман Силантьевтың айтуынша, Мазен аль-Серсавидің пікірі тек өзіне ғана тиесілі, себебі Аль-Азхар университетінің ұстанымы имамның ойына түбегейлі кереғар.

«Университетте аталмыш мәселеге байланысты ортақ шешімнің болмауы мүмкін. Қаншама жат ойлар айтылғанмен, кейбір сенімдер толығымен дұрыс емес деп танылған жоқ. Мәселен Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ-тың мысалында кішкентай қыздарға не болатындығын және бала саудасы қалай жүзеге асатындығын көрдік. БАҚ құралдары аль-Серсавидің ойын қаншалықты дұрыс жеткізсе де, басқа мемлекеттер оның айтқандарына сенбейді»,-деді Силантьев.

Қазіргі уақытта Египет қоғамында исламдағы әйел рөлі қайта дауға салынуда. Жақында ғана Наби аль-Вахш есімді қорғаушы ашық-шашық киінген әйелдерді, әсіресе, жыртық джинсы сым кигендерін зорлау керек деген мәлімдеме жасады.

Аль-Вахштың бұл айтқандары жергілікті египет телеарналарынан көрсетілді. Оны естіген Египеттің әйелдер жөніндегі Ұлттық Кеңес мүшелері телеарнаға және  қорғаушының өзін сотқа беретіндігін мәлім етті. Олар телеарналарды әйелдер зорлығын күшейтетін мәлімдемелер жасайтын адамдарды шығармауға шақырды.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін