Caravan Logo

Мысырлық сот Мүбәракқа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын қайта қарауға үкім шығарды

Мысырлық сот Мүбәракқа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын қайта қарауға үкім шығарды

«Сот өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген Мүбәрактың және бұрынғы ішкі істер министрі Хабиб әл-Адлидің қорғаушыларының апелляциясын қанағаттандырды және басқа сотта істі қайта қарау жөнінде үкім шығарды», -деді сот өкілі.

2012 жылдың 2 маусымында Мүбәрак пен әл-Адлиді Каир соты өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын.