Мысырлық заңгер қыздарды зорлауды ұлттық парыз деп атады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мысырлық заңгер қыздарды зорлауды ұлттық парыз деп атады

Мысырлық заңгер қыздарды зорлауды ұлттық парыз деп атады

Мысырлық заңгер және қорғаушы Наби аль-Вахш телеарна эфирлерінің бірінде қыздарды зорлау «ұлттық парыз» деп атады. Бұл туралы The Independent жазды.

  • 2 Қараша 2017
  • 234
Фото - Caravan.kz

Заңгер қазіргі қыздардың сыртқы келбетіне көңілі толмайды екен. Атап айтқанда, қыздардың шалбарының тілім-тілім болуы оған мүлдем ұнамайды. Оның ойынша, «мұндай қыздарға қоқан-лоққы көрсету – патриоттық парыз, ал оларды зорлау – ұлттық парызбен» тең.

Мысырдың әйелдер ісі жөніндегі ұлттық кеңесі аль-Вахшаның сөздеріне қатысты шағымданатындықтарын жеткізді. Олардың айтуынша, заңгердің айтқан сөздері Мысыр конституциясына қайшы келеді.

16 қазанда Мысырдың Каир қаласы әйелдер үшін әлемдегі ең қауіпті қала болып танылды. Каир әйелдерге қатысты сексуалды және басқа да зорлық түрлерінен ең жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр.