Abendzeitung Muenchen басылымының мәліметтеріне қарағанда, оқиға салдарынан кемінде 15 адам қазаға ұшыраған. Оқ атқан адамдар туралы мәліметтер келтірілмеген.
Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, бір адам мерт болып, тағы он адам жараланған.
Мюнхен полициясының мәлімдеуінше, оқ атқан адам әлі де ғимараттың ішінде. Құқық қорғаушылар тұрғындардың бұл ауданнан аулаққа кетуін өтінді. Қалада бірнеше жолбағыт бойынша метро қозғалысы тоқтатылған, деп хабарлады РИА Новости.
БАҚ куәгерлерге сілтеме жасап, оқ жаудырған адам жалғыз болғанын, оның қашып кеткенін хабарлауда. Оқиға орнына полицейлік арнайы қызмет өкілдері келді.