Н. Назарбаев Каспий маңы мемлекет басшыларының IV саммитінің жұмысына қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н. Назарбаев Каспий маңы мемлекет басшыларының IV саммитінің жұмысына қатысуда

Н. Назарбаев Каспий маңы мемлекет басшыларының IV саммитінің жұмысына қатысуда

Қазіргі уақытта Каспий маңы аймағының 5 мемлекеті - Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түркіменстан басшыларының шағын құрамдағы кездесуі өтуде.

  • 29 Қыркүйек 2014
  • 471
Фото - Caravan.kz

Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, Астраханьда Каспийді бірлесіп басқару, теңіздің болашақ құқықтық мәртебесін қалыптастыру мәселелері қаралады деп жоспарлануда. Сондай-ақ бұған дейінгі саммиттерде қабылданған шешімдердің орындалуы, осындай форматтағы «Каспий бестігінің» келесі кездесуіне дейінгі даму басымдықтары талқыланбақ.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, форум қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде: Каспий теңізінің гидрометеорологиясы бойынша ынтымақтастық орнату туралы, Каспий теңізінің алабында  төтенше жағдайлар туындаған жағдайдағы өзара іс-қимыл жасау туралы, сондай-ақ биоресурстарын сақтау мен қорғауға арналған келісімдер, Әзербайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы президенттерінің мәлімдемесі. 

Саммитке әзірленген президенттердің Мәлімдемелерінің жобасында аймақтық державалардан тыс өзге елдердің қарулы күштерінің Каспий теңізінде болуына жол бермеудің маңыздылығы атап өтіледі.

Бес жақты сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлу жоспарланған. Оның әлеуеті толық пайдаланылып отырған жоқ. Энергетика және көлік салаларын дамытуға басымдық беру көзделген.  


Ақорданың баспасөз қызметінде атап өткендей, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бойынша Қазақстанның ұстанымы — 1982  жылғы теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясының теңіздің түрлі аумақтарының ені мен режімдеріне қатысты кей ережелерін Каспий теңізінде қолдану.

Саммит барысында Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан президенті Ильхам Алиевпен екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған.