Н. Назарбаев Медведевпен Қазақстанның ШЫҰ-на төрағалығының қорытындысын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н. Назарбаев Медведевпен Қазақстанның ШЫҰ-на төрағалығының қорытындысын талқылады

Н. Назарбаев Медведевпен Қазақстанның ШЫҰ-на төрағалығының қорытындысын талқылады

Мемелекет басшысы Нұрсұлтан Назарабев Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевпен Қазақстанның ШЫҰ-на төрағалығының қорытындысын талқылады, деп ресей президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Маусым 2011
  • 362
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбат барысында ШЫҰ мүше мемлекеттерінің мемлекет басшыларының 15-ші маусымда өтетін отырысының күн тәртібі, сондай-ақ Қазақстанның ұйымдағы төрағалығының қорытындысы талқыланды», — делінген Кремьдің ресми сайтында жарияланған хабарда.

«Барлық дайындық жұмыстарын Қазақстан жүргізді. Біздің төрағалығымыз аяқталып келеді, енді кезек қытайлықтарда. Біз 110 шара өткіздік. Қабылдануы үшін жақсы құжаттар дайындалды, барлық позициялар үйлестірілді. Онжылдық дегеніміз мереке болған соң, іскерлік және меркелік бөлімін де өткізуіміз керек», — деп айтқан ҚР президенті Н. Назарабевтың сөзін Кремьдің сайты келітреді.

Өз кезегінде, Д. Медведев «Қазақстан төрағалығы кезінде өте жақсы жұмыс атқарылды», деп атап өтті.

«… Өте ауқымды құжаттар үйлестірілді, жәй әшейін формальды немесе мерекелік емес, өте елеулі құжаттар. Ертең жұмыс сессиясы барысында біз оларды талқылап және қабылдармыз деп үміттенем», — деді Д. Медведев.

Соңғы жаңалықтар