Н. Назарбаев пен Джон Чемберс трансұлттық компанияның ҚР-дағы қызметін дамыту мәселесін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н. Назарбаев пен Джон Чемберс трансұлттық компанияның ҚР-дағы қызметін дамыту мәселесін талқылады

Н. Назарбаев пен Джон Чемберс трансұлттық компанияның ҚР-дағы қызметін дамыту мәселесін талқылады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йорк қаласында Cisco Systems компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Джон Чемберспен кездесті.

  • 28 Қыркүйек 2015
  • 417
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында трансұлттық компанияның Қазақстандағы қызметін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Бұл ретте инновациялар және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастыққа айрықша назар аударылды. 

Қазақстан Президенті Cisco Systems компаниясымен ықпалдастық аясын кеңейтудің маңыздылығын, бұл жұмысшыларының саны 70 мыңнан асатын ірі компания екенін атап өтті.

Д.Чемберс компания шешімдері «ақылды қалалар» құру ісінде, білім беру, денсаулық сақтау және қауіпсіздік саласындағы түрлі үдерістерде кеңінен қолданылуы мүмкін екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар