Жарияланды: 450

Н. Назарбаев Рахат Әлиевті Қазақстанға экстрадициялау шарасын қолға алуды табыстады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан күш құрылымдарына Рахат Әлиевті экстрадициялау шараларын қабылдауды тапсырды, деп мемлекет басшысының баспаөз қызметінен хабарлады.

«Сіздер өз жұмыстарыңды жалғастыруға тиіссіңдер. Бас прокуратура да, ІІМ де, қылмыскерлерді экстрадициялау үшін, банкирлер («Нұрбанктің» топ-менеджерлері – ҚазТАГ) өлімі бойынша кінәлілер сот алдында жауап беруі үшін және заң алдында жауапкершілік алуы үшін, соның негізінде барлық қажетті шараларды қабылдау үшін, осы іс бойынша тексерісті жеке бақылауда ұстауларың қажет»,- деді президент күш құрылымдары басшыларымен сәрсенбі күні өткізген кеңес қорытындысында. «Австрия үлкен экономикалық қарым-қатынастар орнатқан біздің әріптесіміз болып табылады. Енді австриялық билік әділдік салтанат құруы үшін, қылмыскерлерді бермеуге дәлелдері жоқ. Рахат Әлиев үрей үстінде, сондықтан жалған айтып, жас адамдардың өз қолдарынан өлтірілуі туралы осы деректі жауапкершілігіне алудан қашып, өзіне тағылған күдікті алып тастағысы келеді. Соның бәріне қарамастан, біз істі аяғына дейін жеткізуіміз керек», - деп қадап айтты Н. Назарбаев. Одан басқа, мемлекет басшысы Бас прокуратураға Рахат Әлиев баспасөзде және Интернетте жариялаған мәлімдемелер мен материалдарға құқықтық баға беруді тапсырды. Бұдан бөлек, Ақ орданың ресми сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, таяу уақытта президенттің тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдары осы «Нұрбанктің» топ-менеджерлерінің өлтірілуіне байланысты қылмыстық істің тексерілу барысы туралы барлық ақпаратты ұсынатын баспасөз мәслихаты өтетін болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін