Н. Назарбаев ШҚО әкіміне бірқатар тапсырмалар берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н. Назарбаев ШҚО әкіміне бірқатар тапсырмалар берді

Н. Назарбаев ШҚО әкіміне бірқатар тапсырмалар берді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен кездесті.

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 463
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесуде Д. Ахметов Мемлекет басшысына әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, өңірде аграрлық секторды дамыту жайында баяндап берді.

Қазақстан Президенті әлемдік экономикадағы қиындықтар біздің елдегі жағдайға да ықпал етіп жатқанын атап өтті. Н. Назарбаев жаңа жағдайда елдің ірі өнеркәсіптік орталығы Шығыс Қазақстан облысы бұл кезеңді оңтайлы еңсергені маңызды екеніне тоқталды.

ШҚО әкімі өнеркәсіптік саланың жағдайы туралы айтты.

«Тек бір өнеркәсіптік өнім көлемін қоспағанда, өткен кезеңде барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш жоғары. Бұл, әсіресе, валюталық нарықтардағы жағдайға байланысты. Алайда бүгінде жағдай түзеліп келеді. Мысалы, «Қазмырыш» кәсіпорнында бірінші жартыжылдықта өнімді өткізуде артта қалушылық 10 млрд. теңгені құрады, бүгінде ол 3 млрд. теңгеге қысқартылды», — деді Д. Ахметов.


Кездесу қорытындысы бойынша Н. Назарбаев бірқатар тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар