Н. Назарбаев: ШЫҰ-ның трансэнергетикалық кеңістігін құру керек - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н. Назарбаев: ШЫҰ-ның трансэнергетикалық кеңістігін құру керек

Н. Назарбаев: ШЫҰ-ның трансэнергетикалық кеңістігін құру керек

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер бірыңғай трансэнергетикалық кеңістік құруы қажет. Бұл туралы Астанадағы ШЫҰ саммитінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,

  • 15 Маусым 2011
  • 367
Фото - Caravan.kz

деп хбарлайды РИА Жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасай отырып Росбалт агенттігі.

«Бізге ШЫҰ-ның бірыңғай трансэнергетикалық кеңістігін құру мәселесін дайындай бастау керек», — деп ұсынды Н.Назарбаев. «Біздің мүдделерімізді біріктіріп, біртұтас еуразиялық құбыр тарту жүйесі мен электротасымалдау желісін қалыптастыру керек», — деп атап өтті ол.

«Көліктік құрамға тоқталар босақ, бұл бағытта «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» жолы бірінші қадам болмақ. Бұл мәселелердің барлығына қатысты арнайы құрылған ШЫҰ-ның Инфрақұрылымдық ықпалдастық комитеті жұмыс істей алар еді», — деп есептейді Қазақстан басшысы.

Соңғы жаңалықтар