Н. Назарбаев: Сириядағы қақтығыс тек қайғы мен мұң ғана әкелді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н. Назарбаев: Сириядағы қақтығыс тек қайғы мен мұң ғана әкелді

Н. Назарбаев: Сириядағы қақтығыс тек қайғы мен мұң ғана әкелді

Сирияда алты жылға созылған қақтығыс қайғы мен мұң ғана әкелді деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Дүйсенбі күні Астанада сирияаралық келіссөздер басталды. Президенттің үндеуін Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов келіссөзге қатысушыларға оқып берді. Мемлекет басшысы қатысушыларға сәлем жолдап, Сириядағы ахуалдың бүкіл әлемдік қауымдастық назарын өзіне аударғандығын атап өтті.

  • 23 Қаңтар 2017
  • 530
Фото - Caravan.kz

"Мойындауға тиіспіз, алты жылға созылған қанқұйлы қақтығыс әр түрлі өркениеттер мен мәдениеттер тоғысқан қасиетті өңірге қайғы мен мұңнан басқа ештеңе әкелген жоқ", — деп мәлімдеді Назарбаев. "Бүгінгі кездесу Сириядағы ахуалды бейбіт түрде реттеуге бағытталған әлемдік қауымдастық күшінің жарқын белгісі болып табылады. Қазақстанның пайымдауынша, Сириядағы ахуалды шешудің жалғыз дұрыс жолы өзара сенім мен түсіністікке негізделген келіссөздер болуы тиіс", — деп атап өтті Назарбаев.

Президент Қазақстанның сириялық босқындарға көмек ретінде 700 мың доллар бөліп, жуырда 500 тонна азық-түлік жөнелткенін айтты.


Сөз соңында Елбасы келіссөздердің нәтижелі әрі жемісті болуына тілек білдірді.