Н. Назарбаев Тәуелсіздік күніне орай бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградаларды тапсырды
![]() |
Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградаларды тапсырды. |
«Баршаларыңызды осы наградалармен құттықтаймын. Әр адамның еңбегі жанып, оны мемлекет бағалап жатса мерей үстіне мерей болады. Ол Сіздер үшін де, қызметтес әріптестеріңіз үшін де, туған-туысқандарыңыз үшін де өте үлкен қуаныш деп білемін.
Сондықтан мен бүгін осы наградаларды тапсырып жатырмын, сондай-ақ бүкіл Қазақстанда осындай марапаттаулар жүруде»,-деп атап өтті Президент.
Сонымен «Отан» орденімен «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ президенті М.М.Турдахунов марапатталды. Бұдан бөлек «Қазақстан Респуликасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым бойынша алқа мүшесі Даниал Ахметов, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов наградталды.
І дәрежелі «Барыс» орденімен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ президенті А.Т.Ибрагимов, ШҚО әкімі Б. Сапарбаев, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры Ә.Ә.Әшімов, ҚР Мұнай және газ министрі С. Мыңбаев, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен «Қазақстан» РТРК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі-тәуелсіз директоры С. Оразалы, еңбек ардагері К.Салықов марапатталды.
Бұдан бөлек, «Парасат» орденін Елбасы Жамбыл облысының әкімі Қ. Бозымбаевқа, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Орынбаевқа, «Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы Ю. Пяге, ҚР ОСК төрағасы Қ. Тұрғанқұловқа тапсырды.
Ал «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы әнші Д. Ахмадиеваға, Қазақстан Жазушылар одағы БҚО облысы бойынша филиалының төрайымы А. Бақтыгерееваға берілді.
Сонымен қатар Ақордада ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Т. Жанжүменовке, ҚР Бас прокурорының орынбасары Н. Исаевқа, ҚР Бас прокурорының орынбасары А. Кравченкоға, ҚР Республикалық ұлан Қолбасшысының бірінші орынбасары Е. Үкібаевқа тапсырылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін