деп хабарлайды ҚР Президенті баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев түрік халқы таңдауын жасаған сайлау Әділет және даму партиясына білдірілген сенім мен оның мемлекеттің дамуына қосқан көрнекті үлесін мойындауының дәлелі екенін атап өткен.
«Біздің елдеріміздің басқарушы партиялары арасындағы байланыс Қазақстан мен Түркияның стратегиялық әріптестігін нығайтуға үлкен ықпалын тигізеді», делінген жеделхатта.
Қазақстан Президенті Түркия Премьер-Министріне зор денсаулық пен табыс, ал түрік халқына игілік пен гүлдендеу тілеген.