Н. Назарбаев Урал федералдық университетінің Құрметті докторы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н. Назарбаев Урал федералдық университетінің Құрметті докторы атанды

Н. Назарбаев Урал федералдық университетінің Құрметті докторы атанды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Свердлов облысының және Урал федералдық университетінің басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 623
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Свердлов облысының губернаторы Е.Куйвашев екі елдің арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды дамытуға және шекаралық өңірлер арасындағы байланыстарды нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.

Ал Урал федералдық университетінің ректоры В.Кокшаров Нұрсұлтан Назарбаевқа мемлекеттік қызметтегі айрықша еңбегін бағалаудың белгісі ретінде Құрметті доктор дипломын тапсырды. Ол сондай-ақ Мемлекет басшысына бірлескен бірқатар инновациялық жобалар бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарымен ынтымақтасып отырғанын, бұл жобалар таныстырылымы Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде өтетінін айтты.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Свердлов облысы мен Урал федералдық университеті Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы тығыз достық қарым-қатынастарды нығайтуда зор рөл атқарып отырғанын атап өтті.

«Сіздің университет индустриялық аймақтардың кадрлық әлеуетін қалыптастыру және дамыту ісіне Ресейде ғана емес, біздің елде де зор үлес қосып отыр. Менің білуімше, бүгінде Қазақстаннан 700-ге жуық студент Б.Ельцин атындағы Урал федералдық университетінде білім алуда. Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен университеттің ынтымақтастық туралы келісімі болғаны маңызды», — деді Мемлекет басшысы.


Қазақстан Президенті мүмкіндік туған жағдайда университет студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамы алдында дәріс оқуға дайын екенін де мәлімдеді. 
Президент Президент

Соңғы жаңалықтар