Н. Ораздың «Үш таған» атты жыр жинағы жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н. Ораздың «Үш таған» атты жыр жинағы жарық көрді

Н. Ораздың «Үш таған» атты жыр жинағы жарық көрді

Астана қаласындағы «Фолиант» баспасынан ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрғожа Ораздың «Үш таған» атты поэзиялық жыр жинағы жарық көрді.

  • 21 Желтоқсан 2012
  • 388
Фото - Caravan.kz

Бұл кітапқа қаламгердің соңғы жылдары жазған өлеңдері мен үш поэмасы енген.

Ақын жаңа жыр туындысында тәуелсіздік жылдары қол жеткізген табыстарымыз, елдік бірлігіміз, жарасым тапқан бейбітшілік пен ынтымағымыз туралы ой толғайды. Сонымен қатар табиғат бейнесі, қоғамдағы әр түрлі көріністер, адамдардың қарым-қатынасы бірқатар өлеңдеріне арқау болған. Енді бір лирикалық жырларында ақынның ішкі сезімі, махаббат пен сұлулық, пәк жүрек мен шынайы көңілі көрініс тапқан.

Ақын халқымен сырласа отырып, бүгінгі бейбіт күнді бағалай білуге шақырады. Осы өлеңінде «Тыныштықтың әр күні ғасырға тең!» деп ой түйеді.

«Тәуелсіздік таңы атты» поэмасында қазақтың азаттық жолындағы күресін жырлай келіп, халқымыздың ғасырлар бойы ата-бабаларымыз аңсаған күнге жеткенін баяндайды. Тәуелсіздік туын көтерудегі Мемлекет басшысының ерен еңбегін жырға қосқан.

«Тарих ата тағылымын шын ұққан —

Халқымыздай от пен судан шыныққан

Нұрсұлтан тұр ендігі көш басында

Ада қылған пәк қазағын құрықтан.»- дейді ақын. Бұл поэма «Тәуелсіздік таңы мәңгі атты» деген оймен түйінделеді.

Сондай-ақ осы жинақта ақынның «Мама батыр» және «Түкті Сардар» атты тарихи поэмалары бар.