Н. Сабильянов: Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығы республикалық деңгейде аталып өтуі тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н. Сабильянов: Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығы республикалық деңгейде аталып өтуі тиіс

Н. Сабильянов: Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығы республикалық деңгейде аталып өтуі тиіс

Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығы республикалық деңгейде аталып өтілуі тиіс. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Нұртай Сабильянов осылай мәлім етті.

  • 1 Маусым 2011
  • 444
Фото - Caravan.kz

«Менің атыма Саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығынан, «Желтоқсан жаңғырығы», «Желтоқсан-86», «Желтоқсан көтерілісі» секілді қоғамдық бірлестіктерден хат келіп түсті. Онда биылғы жылғы ел тәуелсіздігімен қатарлас келген әрі тәуелсіздік алуға бірден-бір себепші болған 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне 25 жыл толып отырғаны айтылады. Алайда, қазақтың тарихынан ойып тұрып орын алар айтулы оқиғаны республикалық деңгейде атап өту назардан тыс қалып отыр. Бұл ретте тиісті министрліктердің, жауапты органдардың биылғы жоспарларында Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығына орай қамтылуы тиіс іс-шаралар мүлдем қарастырылмай қалған», — дейді Н. Сабильянов.

Бұл ретте депутат нақты жоспарлар қабылданып, оның республика деңгейінде жүзеге асуына пәрмен беруді сұрайды.

Соңғы жаңалықтар