Набережная селосында жаңа балабақша ашылды - Павлодар облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Набережная селосында жаңа балабақша ашылды - Павлодар облысы

Набережная селосында жаңа балабақша ашылды - Павлодар облысы

Павлодар облысының Набережная селосында қайта жаңартудан өткен әкімшілік ғимаратта «Балбөбек» балабақшасы ашылды.

  • 5 Шiлде 2011
  • 561
Фото - Caravan.kz

Бұл ғимаратты жөндеу және қайта құрылымдау жұмыстарына 18 миллион теңге жұмсалды.

60 бүлдіршінге арналған бұл балабақшада балаларды тәбиелеу мен оқытуға барлық жағдай жасалған.

«Сонымен қатар бізде сауықтыруға ерекше наузар аударылады. Балаларға дәрумені мол тағамдар ұсынылады, олар сонымен бірге дене шынықтырумен айналысады. Оған қоса, мамандар балаларға ағылшын тілін үйретеді, бейнелеу өнері бойынша сабақтар өткізеді», дейді балабақша меңгерушісі Гүлнәр Айбенова.

Набережная селосындағы бұл балабақша — Павлодар облысында жылдың басынан бері ашылған үшінші нысан. Бүгінде Павлодар облысында мектеп жасына дейінгі балалардың 77,5 пайызы балабақшаға барады. Өткен жылдың І жартысында бұл көрсеткіш 51,5 пайызды құраған болатын.

Соңғы жаңалықтар