"Нағыз орыстар": Украина жерінде тұтқынға түскен якутиялық сахалардың видеосы көпшіліктің талқысына түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нағыз орыстар": Украина жерінде тұтқынға түскен якутиялық сахалардың видеосы көпшіліктің талқысына түсті

"Нағыз орыстар": Украина жерінде тұтқынға түскен якутиялық сахалардың видеосы көпшіліктің талқысына түсті

Украина жерінде ұлты Якутиялық сахалар болса да аты-жөндері орысша болып кеткен Ресей жауынгерлері қолға түскен. 

  • 11 Тамыз 2023
  • 451
Фото - Caravan.kz

Журналист Оңғар Қабден Facebook желісінде бөліскен видеода орыс тілінде акцентпен сөйлейтін 3 ер адам өздерін Олег, Степан, Семен деп таныстырған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Атағы шыққан ержүрек, жауынгер бауырларымыз еді. Ресей оларды ұлттық болмысынан айырды.", — деп жазды Оңғар Қабден. 

Видеоға түсіріп тұрған ер адам тұтқынға түскен якуттарды "Нағыз орыстар" деп кекеткен. 

Видеода олар өздерін  "Мен Андреев  Семен Николаевич, Саха Республикасының (Якутия), Жиган ауылының тұрғынымын. Мен Иванов Степан Игоревич Саха Республикасының (Якутия) азаматымын. Мен Никофоров Олег Кимович Саха Республикасының (Якутия) азаматымын", — деп таныстырған. 


Желі қолданушылары орыстардың  өзге  ұлттарды ұлттық болмысынан айырып, аз халықтарды ұлт ретінде жойып жатқаны өте өкінішті екенін жазуда. 

"Таза орыстану. Сұмдық", Қандай өкінішті, өте бай Якутияның халқын ұлт ретінде жойып жатқаны", "Аянышты тағдырлар", "Бір анадан туғандай түр-тұлғасы, өң әлпеті өзмнен айнымайтын қайран бауырларым",  —  деп жазды олар