"Нағыз мұсылмандар - Еуропа халқы": журналист елдегі олқылықтарды сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нағыз мұсылмандар - Еуропа халқы": журналист елдегі олқылықтарды сынады

"Нағыз мұсылмандар - Еуропа халқы": журналист елдегі олқылықтарды сынады

Журналист Данияр Есен елдегі олқылықтарды еуропамен салыстырды.

  • 29 Сәуiр
  • 183
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Кейде осы мен нағыз мұсылмандар — Еуропа халқы ма деп ойланып қаламын.
Жемқорлық жоқ.
Пара бермейді, пара алмайды.
Бәрі заң аясында шешіледі. Кісі ақысын жемейді.
Жымиып, жылы амандасады (көркем мінезді)

Қай жерде жүрсе де тазалық сақтайды (түкірмейді, әжетханада артын тазалап кетеді) Бір-біріне ауыр сөз айтпайды.
Бір-бірін ғайбаттамайды.Жолда (автокөлікте) бір-бірін балағаттап, алдын кеспейді.
Оқу-білімге ұмтылады.
Діни фанатизм жоқ.
Жолдары теп-тегіс.
Медицинасы дамып жатыр.
Технологияда жаңалық ашып жатыр.

Ең бастысы, көзбояушылық, жасандылық жоқ.
Бізде бәрі керісінше. Бірақ, мұсылманбыз деп кеуде қағамыз, деп жазды.

«Біз бәсекеде жүрміз. Жарысып, тапқанымызды көрсетіп, мақтанып», «Оларда адами қасиет жоғары», «Нағыз мәдениеттің дамыған ортасы», деп жазды оқырмандар.