Найзағай салдарынан Павлодар облысындағы орманды алқаптарда өрт басталды
Кеше найзағайдың салдарынан Павлодар облысының Галкинский ауылдық округі мен Бауыртал және Степной орман шаруашылықтарында өрт тұтанды, |
тілсіз жаумен күрес әлі жүріп жатыр.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, өрт 7 маусым күні сағат төрт шамасында басталды. Галкинский ауылдық округінде тұтанған екі өрт ошағының бірі 4 сағатта ауыздықталды, оның жайылған жалпы аумағы 300 гектарды құрады. Екінші ошақтағы жалын үш сағаттың ішінде 5 гектар аумақта тоқтатылды, қазір оны толығымен жою жұмыстары жүргізілуде. Осындай жұмыстар Бауырталды орман шаруашылығында да атқарылуда. Степной орман шаруашылығындағы өрт үш жарым сағатта толығымен ауыздықталды. Қазір жойылған алқаптардың көлемі анықталу үстінде.
Төтенше жағдайды жоюмен ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 3 техникасы, Галкинский, Степной және Бауыртал орман шаруашылықтарының 100 адамы мен 36 техникасы айналысуда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін