Наймандардың 100 жыл бұрынғы келбеті қандай болған? - kaz.caravan.kz
  • $ 503.9
  • 603.32
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наймандардың 100 жыл бұрынғы келбеті қандай болған?

Наймандардың 100 жыл бұрынғы келбеті қандай болған?

Жүз жыл бұрын өмір сүрген қазақтардың сырт келбеті туралы бізге жеткен деректер аса көп емес. Дегенмен олардың қалай киінгенін, тұрмыс-тіршілігін сол кезеңнен сақталған заттар мен сирек кездесетін фотосуреттер арқылы шамалауға болады. Бұл фотосуреттердің басым бөлігін Ресей зерттеушілері түсірген.

  • 29 Қаңтар
  • 17
Кунсткамера

Сол зерттеушілердің бірі — Александр Лаврентьевич Мелков.

Caravan.kz дерегінше, ол 1920-жылдары Қазақстанда өмір сүріп, еңбек еткен. 1922–1927 жылдар аралығында республиканың Орталық өлкелік архивін басқарған. Сонымен қатар Мелков «Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамы» этнографиялық бөлімінің төрағасы болған.

Осы қоғам аясында жүргізілген зерттеулер барысында Мелков Орталық Азияны аралап, мол этнографиялық материал жинаған. Оның ішінде құнды фотосуреттер де бар. Деректерге сүйенсек, ол қазақ тілін жақсы білген, тіпті сол кезде кең қолданылған араб жазуымен қазақша жаза алған.

Ресейдегі Кунсткамера музейінің ресми сайтында Семей губерниясында өмір сүрген қазақтардың бірқатар фотосуреттері жарияланған. Бұл суреттер 1927 жылы түсірілген және оларды Мелковтың өзі жасаған болуы мүмкін.

Қызығы сол — фотосуреттердің көпшілігі жалпы сипаттағы атаулармен белгіленген. Мысалы, «Киіз үй жанындағы қазақ әйелдері» деген секілді. Алайда төрт суретте нақты найман руының өкілдері көрсетілген.

Бұл фотосуреттердің үшеуінде ұл балалар мен ер адамдар тобы, киіз үй ішіндегі ер адам және қолынан қыз баланы жетектеп тұрған ақсақал бейнеленген. Бұл кадрлар найман руы өкілдерінің сол дәуірдегі тұрмысын, киім үлгісін және отбасылық қарым-қатынасын көзбен көруге мүмкіндік береді.

Төртінші суреттен ақсалды көруге болады, тіпті Наурызбай деп оның аты да жазылған.