Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Сотта және тергеу кезінде куәгер ретінде жауап берген Эльмира Нұрбекованың берген жауабы бір-біріне қайшы шықты. Сондай-ақ, Нұрбекова тергеу кезінде қазақ тілінде жауап берсе, ал сотта қазақша сөзін жеткізе алмайтынын айтты.
Сот барысында Эльмира Нұрбекованың алдын ала алынған жауабының бейнежазбасы көпшілікке көрсетілді. Ол жерде куәгер Нұрбекова Шынасыл Абзалдың Шерзат Полатқа қалай пышақ сұққанын айтып берсе, ал сотта оның сөзінен қайшылықтар белгілі болды.
«Дүкенге өзім кірдім. Dizzy сусынын сатып алдым, сосын шылым сатып алдым. Менің қасымда кім болғанын білмеймін, нақты есімде жоқ. Видеоны маған көрсеткен кезде иә, мен өзімді таныдым. Оқиға орны кезінде дүкенге қалай кіргенім, артымнан кімнің кіргені есімде жоқ», — деді куәгер.
Dizzy сусынын кім алуды сұрады деген қорғаушының сұрағына Нұрбекова «білмеймін», — деп жауап берді.